Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желі қолданушылары Instagram жұмысының ақауына шағымданды

Опубликовано:

Instagram желісі
Instagram желісі. Фото: pexels.com

Әлемнің түкпір-түкпіріндегі желі қолданушылары Instagram әлеуметтік желісінің жұмысындағы ақауларға шағымдана бастады. Аталмыш желіні пайдалану барысында қазақстандықтар да қиындыққа тап болған.

Downdetector дерегіне сүйенсек, Instagram қосымашасындағы мәселе Астана уақытымен 20:00 шамасында пайда болған.

Аталмыш желіні қолданудағы қиындықтар АҚШ, Еуропа және Азия елдерінде байқалған.

Жарияланған мәліметтерге сәйкес, шағымдардың басым бөлігі (50 пайызы) желі жұмысындағы ақауға байланысты түскен.

Сонымен қатар пайдаланушылардың 46 пайызы жеке парақшасына кіруге әрекет жасағанда, ал 4 пайыз желі қолданушылары Instagram браузерінің нұсқасын пайдалану кезінде қиындықтарға тап болған.

Тіпті кей желі қолданушыларының жеке парақшасы бұғатталып қалған. Алайда оны қайта қалпына келтіру мүмкін болмаған.

Instagram мамандары Twitter парақшасында желі қолданушылардан кешірім сұрады.

"Кейбіріңіз Instagram желісіндегі жеке парақшаға кіру барысында қиындыққа тап болғандарыңызды білеміз. Біз бұл мәселені қарап жатырмыз және қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1995120-zeli-qoldanusylary-instagram-zumysynyn-aqauyna-sagymdandy/

pixel