Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Монополиялық табыс - 4,3 млрд теңге": Алматы облысындағы көлік-логистикалық компанияға қатысты тергеу жүріп жатыр

Опубликовано:

Қалтасында ақшасы бар ер адам
Ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Үкімет басшысының баспасөз қызметі Алматы облысындағы коммерциялық көлік-логистикалық компаниялардың біріне қатысты жүріп жатқан тергеу жайлы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ primeminister.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Үкімет басшысының баспасөз қызметінің мәліметінше, премьер-министр Әлихан Смайылов Экономиканы демополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізген.

Онда кейбір активтерді мемлекет меншігіне беру және мұнай-газ саласындағы шараларды іске асыру мәселелері қаралған.

Атап айтқанда, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің деректері бойынша, Алматы облысындағы коммерциялық көлік-логистикалық компаниялардың бірі айрықша жағдайын пайдаланып, 2021 жылғы сәуір мен желтоқсан аралығында шамамен 4,3 млрд теңгеге монополиялық табыс тапқан.

"Компанияға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Биыл қазан айында жеке меншік ұйым басшылығы еншілес ЖШС-дегі қатысу үлесінің 100 пайызын мемлекетке сыйға беру туралы өтініш түсірді", - деп қосты премьер-министрдің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1995140-monopoliyalyq-tabysy-43-mlrd-tenge-almaty-oblysyndagy-kolik-logistikalyq-kompaniyaga-qatysty-tergeu-zurip-zatyr/

pixel