Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы өткізу бекеті уақытша жабылады

Опубликовано:

шекара бекетінде тұрған көліктер
Шекаралық аймақ. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

1 желтоқсаннан бастап Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы "Қапланбек" өткізу бекеті уақытша жабылады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Мемлекеттік кірістер комитетінің Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап.

Комитеттің мәліметінше, екі тараптың билігі "Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы өткізу пункттерін реконструкциялау және жаңғырту жөніндегі Жол картасына" сәйкес, 2022 жылғы 1 желтоқсаннан бастап "Қапланбек" (ҚР) – "Зангиота" (ӨР) өткізу пункттерін жөндеу жұмыстары жүргізілетін уақыт аралығында толық жабуға уағдаласқан.

Реконструкция барысында өткізу бекеті 2-ден 6 жолаққа дейін кеңейтілмек. Сондай-ақ "Қапланбек" өткізу пунктінен өтетін көлік құралының саны тәулігіне 200-ден 1000-ға дейін ұлғайтылып, шекарадан өту уақыты 25 минутқа дейін қысқарады деп күтілуде.

"Бұдан басқа, көлік құралдарының тоқтаусыз қозғалысы үшін Техникалық бақылаудың бірыңғай өтпелі автоматтандырылған дәліздерін пайдалану жолымен, өткізу пунктінде көлік құралдарының қозғалысының барлық циклін автоматтандыру жоспарлануда, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға мүмкіндік береді", - дейді Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1995167-qazaqstan-ozbekstan-sekarasyndagy-otkizu-beketi-uaqytsa-zabylady/

pixel