Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында пойыз бен жеңіл көлік соқтығысты: оқиғаға қатысты жаңа дерек шықты

Опубликовано:

пойыз жол
Қайғылы оқиға болған теміржол. Фото: t.me/POLICE_of_KZ

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі Жамбыл облысында жолаушылар пойызы мен жеңіл көліктің соқтығысуынан алты адам қаза болған жол апатына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Компанияның мәліметінше, 2022 жылғы 1 қарашада сағат 8:35-те Audi маркалы жеңіл көліктің жүргізушісі Тараз-Шу учаскесінің теміржол өткеліне шығып кетіп, пойызбен соқтығысқан.

Көлікте 6 адам болған. Олардың барлығы көз жұмған.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, жол-көлік оқиғасына тыйым салу белгісін елемей жол жүруді жүзеге асырған көлік жүргізушісінің жол ережесін бұзуы себеп болған. Оқиғаның мән-жайын АІІБ қызметкерлері анықтауда", - дейді "ҚТЖ" өкілдері.

Осы орайда "ҚТЖ" темір жолдарды кесіп өтпес бұрын автокөлік жүргізушілері жолдардың белгі беру құралдарының нұсқауларын мүлтіксіз сақтауы және жақындап келе жатқан теміржол құрамының жоқтығына көз жеткізуі тиіс екенін еске салады.

"Автокөліктің темір жолдарға шығуы жүргізушісінің өміріне ғана емес, пойыз жолаушыларының өміріне де қауіп төндіреді", - дейді "ҚТЖ" өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1995198-zambyl-oblysynda-zolausylar-poiyzy-men-zenil-koliktin-soqtygysuyna-qatysty-zana-derek-syqty/

pixel