Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бағдат Мусин Қазақстанда интернеттің неліктен дұрыс істемей тұрғанын түсіндірді

Опубликовано:

Көрнекі сурет
Көрнекі сурет: pixabay.com

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин еліміздегі интернет жұмысы қашан реттелетінін айтты. Қазақстандықтар соңғы кездері әлеуметтік желілердің жұмысына көп шағым түсірген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Министрдің айтуынша, 29 қыркүйек күні Қазақстандағы интернет сегментіне жаппай шабуыл жасалды. Осыған орай, билік отандық инфақұрылымның қаншалықты қорғалғанын зерттемек.

"Белгілі бір жұмыстар атқарылуда. Мұндай кезде қандай да бір мәселе туындауы мүмкін. Бәріңіз білесіздер, белгілі бір БАҚ сайттарына да шабуыл жасалды. Осының алдын алу үшін бізге ақпараттық қауіпсіздік деңгейін көтеру қажет. Бұл жұмыстардың барлығы деңгейді көтеру үшін жүргізіліп жатыр", - деді Мусин.

Сондай-ақ, министр өзіндегі интернеттің елдегі интернеттен айырмашылығы жоқ екенін айтты.

"Біз жұмыс істеп жатырмыз. Кейде техникалық проблемалар туындайды, мұны бәріміз де сеземіз. Бірақ сіздерге күте тұруға тура келеді. Егер біздегі кибершабуылдар өсіп, инфрақұрылымдар әсіресе, интернет мүлде жұмыс істемеуі мүмкін. Ақаулар да болады. Жалпы алғанда интернет жұмыс істейді, оны жоққа шығаруға болмайды", - дейді Мусин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1995213-bagdat-musin-qazaqstandagy-internettin-nelikten-durys-istemei-turganyn-tusindirdi/

pixel