Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда жоғалып кеткен 85 жастағы қарияны автобус жолаушысы тауып алды

Опубликовано:

Сәрсенғали Тоқсанов
Сәрсенғали Тоқсанов. Фото: mgorod.kz

Орал маңындағы Асан ауылынан шығып, жоғалып кеткен 85 жастағы қария Сәрсенғали Тоқсанов аман-есен табылды. Бұл туралы Мой город басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ жазады.

85 жастағы ақсақал Асан ауылындағы үйінен серуендеуге шығып, қайта оралмаған. Туыстары өз еркімен іздеп таба алмаған соң, полицияға шағымданған.

Қарияның немересінің айтуынша, ақсақалды табуға автобус жолаушысы көмектескен. Ол жоғалған адамның суретін танып, оны №30 бағыттағы автобустан көргенін айтқан.

Кейін кондуктор болып жұмыс істейтін туысқандардың бірі хабарласып, қария аман-есен табылды.

Сәрсенғали Тоқсановты туыстары автопарктен алып кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1995230-oralda-zogalyp-ketken-85-zastagy-qariyany-avtobus-zolausysy-tauyp-aldy/

pixel