Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мусин қазақстандық оқушыларды неліктен планшетпен қамтамасыз ету керек екенін айтты

Опубликовано:

Планшет ұстаған бала
Көрнекі сурет: pixabay.com

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қазақстанда бірінші сынып оқушыларын неліктен планшетпен қамтамасыз ететінін түсіндірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

БАҚ өкілері төменгі сынып оқушыларын ауыр сөмкеден құтқарып, планшетке ауыстыру жоспары туралы сұрады.

"Иә, бұл айқын нәрсе. Осы бағытта алға басу керек. Оқу-ағарту және Денсаулық сақтау министрлігімен келісіледі. Олар стандартты қалыптастыру үшін жұмыс істейді. Әрине, біз оқулықтарды мүлдем алып тастамаймыз. Мектептерде шкафтар болады, сол жерге оқулықты қоя алады. Балалар оқулықты мектепте пайдаланады. Яғни, бес сағат бойы оқушылар тек планшетпен отырмайды", - деді Мусин.

Министрдің айтуынша, бюджет қаражаты бөлінетін болса, келесі жылы 200 мыңға жуық балаға планшет алып беру жоспарда бар.

"Қазір біздің министрлік есептеп жатыр. Біз Қаржы және Оқу-ағарту министрліктерімен тығыз жұмыс істеуге міндеттіміз. Кейін премьер-министр мен президент қалғанын шешеді", - деді Бағдат Мусин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1995237-musin-qazaqstandyq-oqusylardy-nelikten-plansetpen-qamtamasyz-etu-kerektigin-aitty/

pixel