Алматыда 12 жыл бойы іздеуде жүрген алаяқ әйел ұсталды
Опубликовано:

Маңғыстау полицейлері 12 жыл бойы іздеуде болған алаяқ әйелді ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"54 жастағы әйел, Батыс Қазақстан облысының тумасы, Қылмыстық Кодекстің 190-бабы 3-бөлігінде (Алаяқтық) көзделген қылмыс жасағаны үшін 12 жыл бойы іздеуде болды.
Ол осы уақытқа дейін Алматы қаласының аумағында жалған құжаттармен өмір сүрген", - деп жазды Ішкі істер министрлігінен.
Маңғыстау облыстың полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасы қызметкерлері Алматы қаласында күдікті әйелді ұстады. Тәртіп сақшылары оны Алматы қаласының ПД уақытша ұстау изоляторына қамауға алды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1995272-almatyda-12-zyl-boiy-izdeude-zurgen-alayaq-aiel-ustaldy/