Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанайда жоғалып кеткен 17 жастағы қыз таныстарының үйінен табылды

Опубликовано:

Қыз бала
Көрнекі сурет: pixabay.com

Қостанайда жоғалып кеткен 17 жастағы бойжеткен табылды. Полиция мәліметінше, ол таныстарының үйінде болған, деп хабарлайды Қостанай облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомство хабарлауынша, 17 жастағы Иринаның жағдайы жақсы. Ол таныстарының үйін мекендеген. Полиция істің детальдары анықталып жатқанын, толық мәлімет кейін мәлімденетінін айтты.

Айта кетелік, 1 қараша күні Қостанайда қыз баланың жоғалып кеткені белгілі болды. Ол 29 қазанда үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Жоғалған қызды іздеуге қалалық полицияның жеке құрамы толық жұмылдырылған.

Естеріңізде болса, кеше 85 жастағы оралдық қарияның аман-есен табылғанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1995314-qostanaida-zogalyp-ketken-17-zastagy-qyz-tanystarynyn-uiinen-tabyldy/

pixel