Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның ірі қалаларында жаңбыр мен қатты жел күтіледі

Опубликовано:

Ауа райы болжамы
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Сәрсенбі, 2 қараша күні Астана мен Шымкентте жаңбыр жауады, ал алматылықтарды жылы ауа райы күтеді. Өзекті ауа райы болжамы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында жарияланды.

Синоптиктер болжамынша, бүгін Алматы қаласында термометр бағаны 14 градустан 16 градусқа дейінгі жылуды көрсетеді. Оңтүстік астанада жел жылдамдығы секундына 2-7 метрді құрайды.

Ал Астанада жаңбыр жауады, ауа температурасы +8...+10 градус болады. Елордада секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйытқитын жел тұруы ықтимал.

Шымкент тұрғындарын да бүгін жауын-шашын күтеді. Үшінші мегаполисте термометр бағаны +11...+13 градусты көрсетеді. Ал жел жылдамдығы секундына 8-13 метр болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1995325-qazaqstannyn-iri-qalalarynda-zanbyr-men-qatty-zel-kutiledi/

pixel