Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде көліктің қысқы дөңгелектері 20 пайызға қымбаттады

Опубликовано:

дөңгелек ауыстыру
Көрнекі фото: pixabay.com

Елімізде көліктің қысқы дөңгелектері 20 пайызға қымбаттады, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Телеарна дерегінше, қазір базарда бір дөңгелектің бағасы 25 мың теңгеден басталады. Ал өткен жылы 15-20 мың теңгеге алуға болатын еді дейді тұрғындар. Енді төрт дөңгелек үшін кем дегенде 100 мың теңге керек. Ал мұны кез келгеннің қалтасы көтермейді.

"Ауыстырған жоқпын. Қымбат. Ақша жоқ. 50 пайызға қымбаттап кетті. Баллон ала алмай жүрмін. Балон түгілі, жанармай ала алмай жүрмін", - дейді қала тұрғыны Жанболат Дүйсенбекұлы.

Астанада автодөңгелек сататын орын көп, бірақ арзаны жоқ. "Баға өткен жылмен салыстырғанда 20 пайызға өсті" дейді кәсіпкерлер.

"Өткен маусымнан баға сәл көтерілді. Дөңгелек өлшеміне байланысты орташа баға 25, сондай бағада болады. Жоғары санаған кезде үлкен өлшемдерде 100 мыңнан асады.

Телеарна мәліметіне сүйенсек, қысқы дөңгелектің ғана емес, оны ауыстыру ақысы да шарықтап тұр. Мәселен, өткен жылы төрт дөңгелекті алып-салу 5-6 мың болса, биыл 8 мың теңгеден жоғары.

Айта кетейік, ауа температурасы 10 градустан төмендесе, көлікке қысқы дөңгелек салынуы керек. Заң талабы осындай. Егер 1 желтоқсанға дейін қысқы дөңгелек ауыспаса, көлікпен жүруге тыйым салынады.

А. Задабек

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1995330-elimizde-koliktin-qysqy-dongelekteri-20-paiyzga-qymbattady/

pixel