Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Сатыбалдыұлының ісі бойынша Қазақстанға тағы 139 млрд теңге қайтарылады

Опубликовано:

Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты істе жаңа дерек жарияланды
Қайрат Сатыбалдыұлы. Фото: inbusiness.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастыру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастыруда, деп хабарлайды ANTIKOR News.

"Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде алыс шет елдерде фигуранттарға тиесілі, құны 230 миллион АҚШ долларынан асатын, мемлекет кірісіне айналдырылған эксклюзивті асыл тастар мен зергерлік бұйымдар анықталып, елге қайтарылды.

Сонымен қатар, Қайрат Сатыбалдыұлының шетелдік бағалы қағаздарға 300 миллион АҚШ долларын (139 млрд теңге-ред) салу фактісі анықталды. Көрсетілген сома жақын арада Қазақстан бюджетіне түседі", - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

Хабарламада мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша заңсыз әкетілген капиталды іздеу және елге қайтару жалғасып жатқаны да айтылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1995337-qairat-satybaldyulynyn-isi-boiynsa-qazaqstanga-tagy-300-mln-dollar-qaitarylady/

pixel