Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астана саябағында "Нөлдік шақырым" белгісі орнатылды

Опубликовано:

Нөлдік шақырым
"Нөлдік шақырым" белгісі. Видеодан кадр: КТК

Астанадағы саябақтардың біріне "Нөлдік шақырым" белгісі орнатылды. Ағаш пен металдан тұрғызылған бағана бас шаһардың туристерге тартымдылығын аша түспек, деп хабарлайды КТК арнасы.

Бағана бойына әлемнің әртүрлі қалаларына бағыт белгіленген. Жебе кейпіндегі әр бағанада қалалардың қанша қашықтықта орналасқаны жазылған.

Салтанатты шараны ұйымдастырушылардың сөзінше, нөлдік шақырым белгісі әр елдің астанасында бар. Ал елордаға алғаш салынып отыр.

"Жалпы бүгінгі ашып отырған бағанамыздың маңызы біздің еліміздің нөлдік шақырымы болып табылады. Ол ненің белгісі? Туристер келгенде көбіне Астанаға келген кезде, қанша шақырым, қай қалалар, қай туристік объектілер қай жерде орналасқанын көрсететін символ бағана деп айтуға боалды.

Туристер келген кезде қосымша көретін қызықты әртүрлі орындар болуы керек", - деді Астана қаласы инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ержан Балтаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1995344-astana-sayabagynda-noldik-saqyrym-belgisi-ornatyldy/

pixel