Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар көмірді белсенді түрде несиеге алып жатыр

Опубликовано:

Көмір
Көрнекі сурет: pixabay.com

Қазақстандық банктердің бірінде көмірді мобильді қосымша арқылы 24 айға бөліп немесе несиеге алу тетігі қосылды. Қазіргі таңда ел тұрғындары бұл қызметті белсенді түрде қолдана бастады, деп хабарлайды Астана арнасы.

Енді көмірдің ақшасын екі жылға дейін бөліп төлеуге болады. Маркетплейстегі көмір бағасы сатушыдан тікелей алуға қарағанда он пайыз жоғары.

Телеарна мәліметінше, Павлодар облысындағы кейбір тұрғындар бұл қызмет түрін пайдалана бастаған. Тұрғындардың айтуынша, егер бұл мүмкіндік болмағанда, үйлерін жылытулары неғайбыл еді. Аймақта көмірдің бір тоннасы 17 мың теңге.

Көмірді жеткізумен айналысатын компания өкілдерінің айтуынша, тауар сатып алушыға жеткенше үстеме баға 400 пайызға дейін көтеріледі.

"Теміржол, техника, көмір - бәрі қымбаттауда. Біз соңғы сатыдамыз. "Бағаны көтермеу" туралы меморандум бар. Егер бұл клиентке ыңғайлы болса, біз келісеміз", - дейді көмірді жеткізу жөніндегі компания басшысының орынбасары Арби Асланбеков.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1995360-qazaqstandyqtar-komirdi-belsendi-turde-nesiege-alyp-zatyr/

pixel