Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ішкі істер министрі казиноға миллиондаған қаражат салған шенеуніктер туралы айтты

Опубликовано:

Ойын фишкалары
Ойын фишкалары: pixabay.com

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов миллиондаған теңгені казиноға салып жіберген қазақстандық шенеуніктер туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Қазан айының соңында Алматы облыстық прокуратурасы бірнеше аймақтағы түрлі мемлекеттік органда жұмыс істейтін 305 қызметкердің құмар ойындарына 507 миллион теңге жұмсағанын мәлімдеген болатын. Шенеуніктер арасында ішкі істер органдарының қызметкерлері де бар.

"Қазір тексеру және зерттеу жүріп жатыр", - деген министр құмар ойындарына қызыққан шенеуніктер қатарында ішкі істер органдары қызметкерлерінің барын растады. Ахметжанов оларды қалай жазалауы мүмкін деген сұраққа да жауап берді.

"Бұл моральді кодекс, мемқызметкерлердің этикасы. Оның ішінде құқыққорғау органдарының қызметкерлері бар. Әрқайсысына адекватты баға беріледі. Біз зерттеу жүргізіп жатырмыз, олардың кейбіреулері қазір жұмыс істемейді. Барлық жағдай анықталады", - деді министр.

Ал мемқызметкерледің казиноға салып жіберетін миллиондаған қаражатты қайдан алатыны туралы сұрақтта Ахметжанов жүре жауап берді.

"Қазір тексеру жүріп жатыр, анықтаймыз", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1995390-iski-ister-ministri-kazinoga-milliondagan-qarazat-salgan-seneunikter-turaly-aitty/

pixel