Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Комаға түсті": Алматы облысында ер адам аяусыз соққыға жығылды

Опубликовано:

Соққыға жығылған жігіттің әпкесі
Соққыға жығылған жігіттің әпкесі. Фото: tiktok.com/username1204647

Әлеуметтік желіде ағасының аяусыз соққыға жығылғаны туралы айтқан Алматы облысы тұрғынының үндеуі пайда болды. Оқиғаға қатысты түсініктеме Polisia.kz Telegram-арнасында жарияланды.

Видеода сөйлеп тұрған әйел ағасын төрт азаматтың қатты соққыға жыққанын, олардың аты-жөнін білетінін айтты. Алайда оның айтуынша, күдіктілер әлі ұсталған жоқ. Бірақ құжатта ер адам аттан құлады деп көрсетілген. Алматы облысының тұрғыны қазір ағасының комада жатқанын айтып, шара қолдануды сұрады.

ІІМ-нің хабарлауынша, 23 қазан күні Іле ауданының ЖПБ-не аурухананың жансақтау бөліміне 38 жастағы Ақши ауылы тұрғынының дене жарақаттарымен жеткізілгені туралы хабарлама түскен.

Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 106-бабы 1-бөлігі ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру") бойынша тіркелді. Полицейлер 30 жастағы күдіктіні ұстады. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын объективті зерттеуге бағытталған іс бойынша барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1995397-komaga-tusti-almaty-oblysynda-er-adam-ayausyz-soqqyga-zygyldy/