Қызылордада емхананы жөндеу кезінде бір әйел қаза тапты
Опубликовано:

Қызылордада емхананы жөндеу кезінде бір әйел қаза тапты, деп хабарлайды Polisia.kz.
"2 қараша күні сағат 14.40 шамасында "102" арнасына Қызылорда облыстық полиция департаментіне қарасты емханада құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында азаматшаның басына құрылыс сатысының темір бөлшегі құлап, салдарынан оның оқиға орнында қайтыс болғаны жөнінде хабарлама түскен", - деп жазылған хабарламада.
Қазіргі таңда аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 277-бабы 2-бөлігі (Абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу) бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Сараптамалар тағайындалды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1995462-qyzylordada-emxanany-zondeu-kezinde-bir-aiel-qaza-tapty/