Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында екі қызды зорлаған жігіт 9,5 жылға сотталды

Опубликовано:

ұсталды
Көрнекі фото: pexels.com

Ақмола облысында екі қызды зорлаған жігіт 9,5 жылға сотталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Баслым мәліметінше, 4 қаңтар күні Астрахан ауданының жеке үйлерінің бірінде бір-бірімен таныс жігіттер мен қыздар жиналған. Алкоголь өнімін ішкеннен кейін жігіттердің бірі екі қызға қатысты жыныстық қол сұғушылық жасаған. Оған сот-медициналық сараптаманың нәтижелері, зорлау фактісін растайтын айғақтар дәлел болған.

Полиция мәліметінше, жәбірленушілердің дене жарақаттары да болған. Келесі күні қыздар зорлаған жігіттің үстінен полицияға арыз жазған. Астрахан полиция бөлімі аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 120-бабы 2-бөлігі 4-тармағына сәйкес, сотқа дейінгі тергеуді бастаған.

Нәтижесінде қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер жиналып, кейіннен олар сотқа жолданған. 2022 жылдың 14 қазанында Атбасар аудандық соты қылмыстық іс бойынша күдікті Астрахан ауданының 27 жастағы тұрғынын кінәлі деп танып, 9 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1995467-aqmola-oblysynda-eki-qyzdy-zorlagan-zigit-95-zylga-sottaldy/

pixel