ШҚО-да Lada Granta жанармай таситын көлікпен соқтығысты
Опубликовано:

ШҚО-да жеңіл көлік жанармай таситын көлікпен соқтығысты, деп хабарлайды Polisia.kz.
Басылым дерегіне сүйенсек, 2 қараша күні сағат 07:15 шамасында Глубокое ауданындағы Өскемен-Рахман қайнарлары автожолының 16-шақырымында 48 жастағы Lada Granta автокөлігінің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, қарсы бағытта келе жатқан жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан Lada Granta жүргізушісі ауыр жарақаттары салдарынан оқиға орнында қайтыс болды.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан көлік құралдарын басқарушының жол жүрісі қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бірқатар сот-медициналық сараптамасы тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процестік шешім қабылданады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1995470-sqo-da-lada-granta-zanarmai-tasityn-kolikpen-soqtygysty/