Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бейсенбіде және алдағы тәуліктерде ел аумағында ауа райы қандай болады

Опубликовано:

тұманды күн
Тұманды күн. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

"Қазгидромет" РМК 3 қараша бейсенбіге және алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Синоптиктердің болжамынша, бүгін еліміздің барлық аумағында атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады.

Кей өңірлерде жаңбыр және қар жауады. Республика бойынша тұман, желдің күшеюі, батыста, солтүстікте көктайғақ, бұрқасын, сондай-ақ орталықта көктайғақ күтіледі.

Күндіз Маңғыстау облысының батысында қатты жаңбыр жауады.

Сонымен қатар, 4 қарашада күндіз, 5 қарашада түнде солтүстік-батыста, солтүстікте, 4 қарашада күндіз, 5 қарашада тәулік бойы оңтүстіктің, оңтүстік-батыстың таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жауын-шашын күтіледі.

5 қарашада түнде Қазақстанның оңтүстік-батысында да қатты жаңбыр жаууы мүмкін.

Одан бөлек, алдағы тәуліктерде республика бойынша тұман, көктайғақ, солтүстік-батыс, солтүстік өңірлерде жел күшейіп, бұрқасын болуы ықтимал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1995494-zanbyr-tuman-koktaigaq-beisenbide-el-aumagynda-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel