Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Құрылысшының ақысын бермеген": Астанада 19 жастағы жігітті скотчпен байлап, тонап кетті

Опубликовано:

Қайшы мен скотч
Көрнекі сурет: pixabay.com

Астанада 19 жастағы тұрғынды скотчпен байлап, тонап кетті деген күдікпен ер адам ұсталды. Күдікті жәбірленушінің үйінде құрылыс жұмыстарын жасап жүрген, деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылымның жазуынша, полицияға арызбен 19 жастағы астаналық тұрғын жүгінген.

Жәбірленушінің сөзінше, ол пәтерін жөндеу үшін құрылысшы жалдаған. Алайда жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін құрылысшыға ақысын бермеген. Төлемін ала алмаған жұмысшы агрессивті түрде әрекет еткен.

Жігітті қорқытып, оны скотчпен байлап, IРhone 12 Pro Max ұялы телефонын және банк картасын алып кеткен.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер 41 жастағы күдіктіні ұстаған. Ол ұрланған телефонды ломбардқа өткізіп үлгерген.

Қазіргі таңда тонау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Сондай-ақ ұсталған адамның бұрын елорда аумағында ұрлық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1995557-astanada-qurylyssy-ozinin-enbekaqysyn-bermegen-ui-iesin-skotcpen-bailap-tonap-ketti-degen-kudikke-ilindi/

pixel