Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада 15 жастағы қызды зорлаған автобус жүргізушісі сотталды

Опубликовано:

Жәбірленуші
Көрнекі сурет: Владимир Третьяков, NUR.KZ

Астанада 15 жастағы қызды зорлады деп күдікке ілінген ер адамға сот үкім шықты. Ол 17 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Астана сотына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ

2022 жылдың 3 қарашасында Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кәмелетке толмаған қыз баланы зорлау дерегі бойынша үкім шығарған.

Соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, қаладағы қоғамдық көліктердің бірінің жүргізушісі автобус салонында кәмелетке толмаған қыз баланың дәрменсіз күйін пайдаланып, зорлаған.

Сотта күдіктінің кінәсі дәлелденген.

Бұл ретте сот күдіктінің кінәсі дәлелдейтін бірнеше жайтты ескерген. Олар: сотқа дейінгі тергеу барысында зардап шегушіге психиатриялық сараптама тағайындалып, оның ақыл-есі дұрыс екені анықталған. Сондай-ақ жүргізушімен арадағы смс-хабарламалар, сараптама қорытындысы, куәгерлердің, жәбірленуші қыздың, күдіктінің жауабы ескерілген.

Сот үкімімен күдікті қылмыстық кодекстің 120-бабына сәйкес, 17 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1995560-astanada-15-zastagy-qyzdy-zorlagan-avtobus-zurgizusisi-sottaldy/

pixel