СҚО-да полицейлер бесінші қабаттағы бүлдіршінді аман алып қалды

Опубликовано:

Полиция қызметкерлері
Полиция қызметкерлері: polisia.kz

СҚО-да Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері Сергей Земский мен Ерболат Қожахметов бүлдіршіннің бесінші қабаттан құлап кетуіне жол бермеді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылымның жазуынша, түскі үзіліске шыққан полицейлер Володарский көшесімен өтіп бара жатып, бесінші қабаттағы ашық тұрған терезенің шетінде түрегеп тұрған баланы байқап қалған.

Олар дереу баламен сөйлесіп, пәтеріне кіруге көндірген. Балақайдың терезені жапқанына көз жеткізген соң, офицерлер пәтерді анықтауға кіріскен. Қажетті есікті тауып, сырттан баламен сөйлескен. Мұндағы ойлары - баланың терезеге жақындауына жол бермеу еді.

Осы уақытта оқиға орнына ювеналдық полиция қызметкері келіп, көршілері арқылы ұл баланың ата-анасына телефон соққан. Белгілі болғандай, 4 жасар баланың анасы өзіне мүгедектік ресімдемек болып ауруханаға кеткен.

Полиция қызметкелері ата-анамен профилактикалық әңгіме жүргізілгенін, сонымен бірге тұтқаларға терезе толық ашылмауы үшін бекіткіштер орнатуды ұсынғанын атап өтті.

"Мұны үйінде кішкентай балалары бар барлық адам орнатуы керек. Жергілікті полиция қызметкерлері мен құтқарушылар қауіпсіздік шараларын үнемі еске салып отырады. Мысалы, терезенің жанына орындықтар мен бала терезеге көтеріле алатын басқа да заттарды қоюға болмайды. Сақ болыңыздар және балаларды қараусыз қалдырмаңыздар", – дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкері Ерболат Қожахметов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1995575-sqo-da-policeiler-besinsi-qabattagy-buldirsindi-aman-alyp-qaldy/