Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысында шахтадағы апаттан қаза болған кеншілердің есімі жарияланды

Опубликовано:

жұмысшылардың бас киімі
Каска. Көрнекі фото: pixabay.com

Қарағанды облысының әкімдігі Ленин атындағы шахтада қаза болған кеншілердің есімін жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасап.

Шахтада қаза тапқандар кеншілердің тізімі:

1. Бойченко Дмитрий Игоревич, 1991 жылы туған, жерасты бұрғылау қондырғысының машинисі. Жұмыс өтілі – 8 жыл. Артында анасы қалды.

2. Санжаров Андрей Павлович, 1980 жылы туған, жерасты бұрғылау қондырғысының машинисі. Жұмыс өтілі – 21 жыл. Артында ата-анасы мен екі баласы қалды.

3. Инкин Денис Анатольевич, 1984 жылы туған, жерасты бұрғылау қондырғысының машинисі. Жұмыс өтілі – 13 жыл. Марқұмның артында әкесі, жұбайы, қызы және асырауындағы тағы бір адам қалды.

4. Қашкей Арман Қадыржанұлы, 1993 жылы туған, жерасты бұрғылау қондырғысының машинисі. Жұмыс өтілі – 8 жыл. Артында ата-анасы қалды.

5. Ынтыбеков Марғұлан Серікұлы, 1996 жылы туған, бұрғылау қондырғысы машинисінің көмекшісі. Жұмыс өтілі – екі ай. Марқұмның артында әкесі қалды.

Еске сала кетейік, 3 қарашаға қараған түні Қарағанды облысындағы Ленин атындағы шахтада бұрғылау кезінде газ шығып, төтенше жағдай салдарынан төрт адам қайтыс болды. Тағы төрт адам ауруханаға жатқызылды.

Кейін іздестіріліп жатқан тағы бір адамның денесі табылды.

Төтенше жағдайға байланысты Қылмыстық кодекстің 277-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Сондай-ақ, апатқа байланысты мемлекет басшысы марқұмның туыстарына көңіл айтып, зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1995581-qaragandy-oblysynda-saxtadagy-apattan-qaza-bolgan-kensiler-esimi-zariyalandy/

pixel