Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Дастарқан басында өсиет емес, өсек айтамыз": Белгілі кәсіпкер бала тәрбиесіндегі қателіктерді атады

Опубликовано:

Нүркен Асанов
Нүркен Асанов. Фото: YouTube/QazVision

Белгілі кәсіпкер Нүркен Асанов отбасылардың бала тәрбиесінде жіберетін қателігін атады. Айтуынша, бүгінде көп ата-ана материалды құндылыққа көбірек назар аударып, олармен сырласу жағына мән бермейді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы ол "Ракурс" бағдарламасында әңгімеледі.

"Біз әдетте бала шағаны "киіндірдік, ішкіздік, жегіздікпен" шектеледі екенбіз. Баланың ішкі дүниесіне мән беру, құлақ асу ата-ананың ең үлкен міндеті. "Бала болашағымыз" дейміз. Бірақ көбінесе бұл құрғақ сөз күйінде қалып кетеді.

Көбінесе бала ата-анамен сөйлескенді, ішіндегісін айтуды қалап тұрады. Абай атамыз "Баланы бірінші ата-ана, екінші құрбысы, үшінші ұстаз тәрбиелейді" дейді. Мен бұл қатарға қоғамды да қосамын. "Қайсысын жақсы көрсе, соған ұқсайды" дейді. Ата-анасы сөйлеспесе, ол құрбысына барады.

Кейде баланы көлікке салып алып, "Балам қасымда жүр" дейміз. Бірақ баламен емес, туыстармен, достарымызбен сөйлесіп кетеміз. Жоқ! "Құрбыларың кім?" деген секілді қарапайым сұрақтар қою керек. Біз соны сұраудан кенде қалған әке болыппыз ғой", - деді кәсіпкер.

Cонымен қатар Нүркен Асанов отбасында, дастарқан басында айтылатын, қозғалатын тақырыптың маңыздылығын алға тартты.

"Біз дастарқанда өсиет емес, өсек айтатын болдық. Қоғамда қазір "Атайын десең - аң емес, сояйын десең - мал емес" ата-аналар көп өкінішке орай. Бауыржан ағамыз айтпақшы, "Шал көп, қариясы жоқ". Ол не айтады? Көмірдің бағасын айтады. Барған тойын айтады. Ішкен тамағын айтады. Қария деп айтуға болмайды", - деді Нүркен Асанов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1995595-dastarqan-basynda-osiet-emes-osek-aitamyz-belgili-kasipker-bala-tarbiesindegi-qatelikterdi-atady/

pixel