Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қатты қиналдым": Рыжий Алмастың әкесі алғаш рет сұхбат беріп, ұлының өлімі туралы айтты (видео)

Опубликовано:

Болатбек Нәсенов
Болатбек Нәсенов. Фото: "Уақыт көрсетеді" бағдарламасы

Белгілі тарихшы Болатбек Нәсенов ел арасында "Рыжий Алмаз" лақап атымен танылған ұлы Несіпбай Нәсенов жайлы көпшілік біле бермейтін жайттарды баяндады. Ол Испанияда 1998 жылы қайтыс болған ұлының өлімі туралы "Уақыт көрсетеді" бағдарламасында айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Рыжий Алмаздың" әкесі Болатбек Нәсенов 1998 жылы ұлының қазасынан соң денесін көргенін мәлім етті.

"Ол аңдып жүргенін, өлтіретінін білген. Бірақ соңғы уақытта мән бермеген. Таңғы 5-те ұйықтап жатқан жерінен басына целлофан кигізіп, тұншықтырып өлтірген. Сосын өліміне сенімді болу үшін басынан тапаншамен бір рет атқан.

Мен ұлым қайтыс болғанда Өзбекстанда болатынмын. Маған "Несіпбайдың денесін әкелді" деп хабарласты. Шекараға келгенде, алдымнан үш, артымнан үш көлік қоршап алды. Менімен үйге дейін ілесіп келді. Үйдің айналасы толған көлік.

Үйге келгенде ұлымның жатқан денесін көрдім. Бет аузы-ісіп кетіпті. Мен басын ғана көрдім. Басы ісіп кеткен. Өзім әрең таныдым. Денесін көрмедім, киіндіріп қойған. Қатты қиналдым", - деді "Рыжий Алмаздың" әкесі.

Айта кетейік, Несіпбай Нәсенов 1961 жылы Семей өңірінде дүниеге келген.

Ол 1990 жылдары Қазақстандағы "қылмыс әлемінің серкесі" болды деп айыпталып, бірнеше рет түрмеге түскен.

Ал 1998 жылы Испанияда жасырынып жүріп, жұмбақ жағдайда кісі қолынан көз жұмған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1995601-qatty-qinaldym-ryzii-almastyn-akesi-algas-ret-suxbat-berip-ulynyn-olimi-turaly-aitty-video/

pixel