Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абай облысында ер адам 12 жыл бойы еңбек құлдығында болған

Опубликовано:

Полиция қызметкерлері оқиға болған Абай облысында
Видеодан кадр: Polisia.kz

Абай облысының полицейлері 12 жыл құлдықта болған мүгедек жігітті құтқарды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысының полицейлері жедел-профилактикалық іс-шараларды жүргізу барысында адам еңбегін қанау фактісін анықтаған.

Полицияның хабарлауынша, өзіне бекітілген аумақты тексеру барысында тұрғындармен үнемі байланыста жүретін Жарма ауданы Шар қаласы ПБ полиция қызметкеріне шаруа қожалықтарының бірінің басшысы қоңырау шалып, жаңа жұмысшы жалдағанын хабарлаған.

Шаруа қожалығына келген полиция қызметкері жұмысқа жаңадан кіріскен жалдамалының құжаттарының жоқтығын анықтайды, сондай-ақ полицейге өзінің сауалнамалық деректерін де айта алмағанын көреді.

Бір шикіліктің барын сезген тәртіп сақшысының бойын күдік ұялаған соң, иесі жәбірленушінің қасынан кеткен кезде оның тегін біліп алады. Одан әрі полиция қызметкері жәбірленушінің әпкесін анықтап, табады. Белгілі болғандай, ол бауырымен 2010 жылдан бері байланыс үзген екен. Ер адам Жарма ауданындағы шаруа қожалықтарының бірінен табылды. Ол сонда жұмыс істеген.

"Тергеу барысында 2010 жылдың қараша айынан бастап 26 жастағы ер адамның 11 шаруа қожалығында құлдықта болғаны анықталды. Бұған дейін бірнеше рет сотталған 54 жастағы Семей тұрғыны 26 жастағы Тарбағатай ауданының тұрғынымен Тұғыл ауылына балық аулауға барғанда танысқан.

Физикалық тұрғыдан жетілген жас жігіттің психикалық ауытқуын байқаған ол жігітті шаруашылықта жұмыс күші ретінде пайдалану туралы ойға келген. Жәбірленушіні 12 жылдан астам уақыт бойы Семей қаласы, Абай, Ұлан және Жарма аудандарындағы шаруа қожалықтарында жұмыс істеу үшін сатқан.

54 жастағы азамат шаруа қожалық иелеріне өзін жігіттің туысымын деп таныстырған. Олардан алдын ала жалақысын алып, қалтасына басып отырған", – делінген хабарламада.

Жәбірленушінің жылдар бойы еңбегіне берілген ақы 2 млн теңгені құраған.

Сонымен қатар, ер адам мүгедектің ай сайынғы зейнетақы жинақтары мен әлеуметтік төлемдерін жымқырып отырған. Мүгедек жігітке келтірілген залалдың жалпы сомасы 4 млн теңгеден асады.

"Қазіргі уақытта жәбірленуші туыстарына табысталды, ал күдікті Жарма ауданының аудандық сотымен 128-бабының 2-бөлігі 2, 8, 11, 12-бөлектері ("Адам саудасы") және Қылмыстық кодекстің 190-бабы 1-тармағының 3-бөлігі ("Алаяқтық") бойынша кінәлі деп танылды. Сот үкімімен қауіпсіздігі орташада колонияда 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", – деді Абай облысы ПД бастығының орынбасары Нариман Күлдіков.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1995641-abai-oblysynda-er-adam-12-zyl-boiy-enbek-quldygynda-bolgan/

pixel