Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте миллиондаған қаржыны жымқырған балабақша меңгерушісі сотталды

Опубликовано:

Балабақшада сурет салып отырған балалар
Балабақшадағы балалар. Көрнекі фото: Pixabay.com

Шымкентте балабақша меңгерушісі онда келушілер есебіне дұрыс емес мәліметтер енгізу арқылы миллиондаған теңгені иемденгені үшін сотталды. Бұл туралы еліміздің Қаржы мониторингі агенттігі өзінің ресми Telegram арнасында хабарлады.

Ведомство хабарлағандай, Шымкенттегі балабақша меңгерушісі құжаттарға жалған мәлімет жазып, бюджет қаражатын ұрлап келген. Яғни оның заңсыз әрекеті 2019 жылдан 2021 жылға дейін 3 жыл бойы жүргізілген.

"Ол "Балапан" бағдарламасы бойынша мектепке дейінгі білім беруді жан басына шаққандағы қаржыландыруға бөлінген 19,3 миллион теңге бюджет қаражатын заңсыз жымқырған", – дейді агенттік өкілдері.

ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті үш балабақша меңгерушісі болып қызмет еткен азаматшаға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Ол кінәлі деп танылып, 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Ведомствода атап өткендей, мемлекетке келтірілген 19,3 млн теңге залал толығымен өтелген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1995646-symkentte-milliondagan-qarzyny-zymqyrgan-balabaqsa-mengerusisi-sottaldy/

pixel