Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде төрт жасар баласын көршісіне тастап, жоғалып кеткен әйел іздестіріліп жатыр

Опубликовано:

Полиция көлігі
Көрнекі сурет: Владимир Третьяков, NUR.KZ

Ақтөбелік полицейлер 3-4 жас шамасындағы Аңсар есімді баланың ата-анасын іздестіріп жатыр. Бұл туралы Диапазон басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

3 қараша күні кешкі сағат 20:00 шамасында Наиманов көшесіндегі тұрғыннан полицияға арыз түседі. Тұрғынның айтуынша, белгісіз келіншек дүкенге барып келемін деген желеумен баланы тұрғындарға тастап, содан оралмаған.

Аталған мекенжайға ювеналды полиция қызметкерлері жетіп, баланы "Аяла" өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына орналастырды.

Ер баланың аты - Аңсар. Жасы 3-4 шамасында.

"Анасы баласын бірнеше минутқа қалдырып, дүкенге барып келетінін айтып, кейін оралмаған. Бала шамамен 3-4 жаста, өзін Аңсар деп таныстырды. Егер баланың туыстары туралы қандай да бір мәліметтер болса, 8-771-785-10-58 немесе 102 телефоны бойынша хабарлауды сұраймыз", - деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1995757-aqtobede-tort-zasar-balasyn-korsisine-tastap-zogalyp-ketken-aiel-izdestirilip-zatyr/

pixel