Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көкшетауда жас жігіт жалған полицейге миллион теңге беріп, сан соғып қалды

Опубликовано:

Павлодар облысында 22 жастағы күдікті ұсталды
Полиция. Көрнекі сурет: NUR.KZ/ Владимир Третьяков

Көкшетауда полицияға 23 жастағы жігіт хабарласып, қонақүйден шығып бара жатқанда оған ер адам келіп, өзін полицеймін деп таныстырып, жезөкшелерге барғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартыласың деп қорқытқанын айтты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияның хабарлауынша, Көкшетау қаласының полиция басқармасына қаланың 23 жастағы тұрғыны жүгінген.

Жас жігіттің айтуынша, 28 қазан күні облыс орталығының қонақ үй кешендерінің бірінен шығар кезде оған ер адам келіп, өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, ақша талап еткен.

"Өтініш берушінің айғақтарына сәйкес, ер адам жас жігітті жеңіл жүрісті әйелдерге барғаны үшін қылмыстық жауапкершілікпен қорқытып, млн теңге талап еткен", – дейді хабарламада.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні анықтады. Ол Көкшетау қаласының уақытша жұмыс істемейтін 28 жастағы тұрғыны болып шықты.

"Жеке тінту кезінде күдіктіден полиция қызметкері куәлігінің мұқабасы мен ақшалай қаражат табылып, тәркіленді. Полиция басқармасы осы фактіге сәйкес Қылмыстық кодекстің 190-бабының 1-бөлігі "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады", – дейді ведомство өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1995765-koksetauda-zas-zigit-zalgan-policeige-million-tenge-berip-san-sogyp-qaldy/

pixel