Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қар, көктайғақ, бұрқасын: демалыс күндері ел аумағында ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Алматыны қар басты
Ер адам аялдаманы қардан тазартып жүр. Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Қазгидромет" РМК синоптиктері алдағы үш күнге, яғни 5-7 қараша аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ метеорологиялық қызметке сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері Қазақстандағы ауа райына Атлантикалық циклон мен онымен байланысты фронтальды жағдайлар әсер етеді.

Осыған байланысты республиканың барлық дерлік аумағында тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі, еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында қар жауады.

Сондай-ақ, 5 қарашада Солтүстік Қазақстанда қалың қар, 6 қарашада Шығыс Қазақстанда, ал 7-8 қараша күндері еліміздің оңтүстік облыстарында жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын күтіледі.

Жалпы, демалыс күндері республика бойынша тұман, көктайғақ, екпінді жел, Қазақстанның солтүстік жартысында бұрқасын күтіледі.

Мамандар 7 қарашада батыс өңірлерде жауын-шашын тоқтайтынын айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1995770-qar-koktaigaq-burqasyn-demalys-kunder-el-aumagynda-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel