Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Биылдан бастап докторантураға түсетіндер қазақ тілін меңгергенін растайтын сертификат ұсынуы тиіс

Опубликовано:

мантия ұстаған түлектер
Түлектер. Көрнекі фото: pixabay.com

Биыл докторантураға түсуге ниетті жандар мемлекеттік тілді меңгергенін растайтын сертификат ұсынуы қажет. Жаңа талап туралы еліміздің Ғылым және жоғары білім министрлігі Facebook-тегі ресми парақшасында хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, докторантураға түсу үшін емтиханға құжаттарды қабылдау елімізде 1 қарашада басталып кеткен. Ол 2022 жылдың 18 қарашасына дейін жалғасады.

Емтихан 5 – 11 желтоқсан аралығында өтеді.

"Еемтиханына қатысуға тіркелу ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz (http://app.testcenter.kz/) сайтында өтеді. Докторантураға түсу үшін тек бір жоғары оқу орны мен білім беру бағдарламаларының бір тобын ғана таңдауға болатындығын ескертеміз", - дейді министрлік өкілдері.

Сонымен қатар ведомство егер докторантураға тапсырған адам берілген өтінішке (тестілеуді тапсыру қаласы, білім беру бағдарламаларының тобы, тестілеуді тапсыру тілі) өзгерістер енгізгісі келсе, оған өтініштерді қабылдау жүйесі жабылғанға дейін (18 қарашаға дейін) өтінішті өңдеу немесе жою мүмкіндігі берілетінін атап өтті.

Тесттің өтетін орны мен уақыты туралы ақпарат докторантураға тапсырған адамның жеке кабинетінде 29 қарашада қолжетімді болады.

Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиевтың айтуынша, докторантураға тапсырған адам эссе жазу, докторантураға дайындық тесті және білім беру бағдарламасы тобының бейіні сынды емтиханнан өтеді.

Докторантураға оқуға түсу емтиханының ең жоғары көрсеткіші – 100 балл.

"Оның ішінде әңгімелесу – 20 балл, эссе – 10 балл, докторантурада оқуға дайындығын анықтауға арналған тест – 30 балл, бейіні бойынша емтихан сұрақтары – 40 балды құрайды.

Ал мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша конкурсқа қатысу үшін және ақылы негізде докторантураға түсу үшін шекті балл 75 балды құрайды", – дейді Қуаныш Ерғалиев.

Сондай-ақ министрлік биыл алғаш рет докторантураға түсу үшін шет тілін білу сертификатынан басқа, ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгергенін растайтын сертификат ұсыну қажет екенін атап өтті.

Одан бөлек бұған дейін ережені бұзғаны үшін тестілеуге жіберілмеген, сондай-ақ биыл нәтижелері жойылған тұлғалар докторантураға түсу емтиханына қайта қатысуға жіберілмейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1995816-biyldan-bastap-doktoranturaga-tusetinder-qazaq-tilin-mengergenin-rastaityn-sertifikat-usynuy-tiis/

pixel