Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда студенттік жатақханаларда жарықтың өшуіне қатысты министрлік пікір білдірді

Опубликовано:

Жарық
Жарық. Көрнекі фото: pixabay.com

Қазнетте Алматының бірқатар жоғары оқу орнының жатақханаларында күн сайын белгілі бір уақыттан кейін жарықтың өшетіні туралы ақпарат тарады. Бұл жағдайға қатысты еліміздің Ғылым және жоғары білім министрлігі ресми Telegram-арнасында пікір білдірді.

Ведомство Алматыдағы кейбір жоғары оқу орындарының жатақханаларында жарықтың белгілі бір сағатта өшетінін растап отыр.

"Бірқатар қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік медиа алаңдарында студенттік жатақханаларда белгілі бір уақыттан кейін электр қуатының өшірлетіні туралы ақпарат пайда болды. Жедел тексеруден кейін бірнеше университетте факті расталғанын атап өткен жөн", – делінген Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарламасында.

Министрлік қазір мәселені шешу үшін жұмыс істеп жатқанын және студенттердің құқығын одан әрі қорғауға ниетті екенін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1995827-almatyda-studenttik-zataqxanalarda-zaryqtyn-osuine-qatysty-ministrlik-pikir-bildirdi/

pixel