Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында 100 келіден астам ақбөкен мүйізі тәркіленді

Опубликовано:

Тәркіленген ақбөекен мүйіздері
Тәркіленген ақбөекен мүйіздері. Фото: Т.me/POLICE_of_KZ

Алматы облысының полицейлері браконьерлікпен айналысты деген күдікпен үш ер адамды ұстады. Ұсталғандардан 100 келі киік мүйізі тәркіленді, деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметінің ресми Telegram-арнасы.

Полицияның хабарлауынша, 4 қараша күні Алматы облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері ҰҚҚД қызметкерлерімен бірлесіп браконерьерлікпен айналысты деген күдікпен үш ер адамды ұстаған. Олардан 100 келіден астам ақбөкен мүйізі табылған.

Күдіктілер қамауға алынды.

"Жедел жұмыс барысында ұсталғандардан 953 дана ақбөкен мүйізі тәркіленді. Оларға қатысты Қылмыстық кодекстің 339-бабы бойынша ("Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер немесе жануарлар түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу") қылмыстық іс қозғалды. Барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде", – деді Алматы облысы ПД ҰҚҚКБ бастығы Әбілғазы Төлепбергенов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1995839-almaty-oblysynda-100-keliden-astam-aqboken-muiizi-tarkilendi/

pixel