Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысында шахтадағы апаттан қаза тапқан 5 кеншінің денесі бүгін жер қойнына тапсырылады

Опубликовано:

жұмысшылардың бас киімі
Каска. Көрнекі фото: pixabay.com

Қарағанды облысында Ленин атындағы шахтада қаза болған бес кеншінің денесі бүгін жер қойнына тапсырылады. Жақындары олардың денесін кеше мәйітханадан алып кеткен, деп хабарлайды КТК арнасы.

Арна мәліметінше, қаза болған кеншілерді бүгін соңғы сапарға шығарып салады. Олардың бәрінің артында отбасы қалған.

Сондай-ақ жер астындағы жарылыстан кейін "Арселор Миталл" компаниясына қарасты барлық шахта бір тәулікке жұмысын тоқтатқан. Күні кеше жеті кен орны қазу жұмысына қайта кірісті.

Ал апат болған Ленин шахтасы кемінде 10 күн жұмыс істемейді.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Қарағанды облысындағы шахтада болған апаттан қаза тапқан кеншілердің есімдері жарияланған болатын.

Сондай-ақ "Арселор Миттал" шахтасында соңғы он жылда 23 апат тіркеліп, салдарынан 43 адам зардап шеккені және 19-ы бақилық болғаны айтылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1995847-qaragandy-oblysynda-saxtadagy-apattan-qaza-tapqan-5-kensinin-denesi-bugin-zer-qoinyna-tapsyrylady/

pixel