Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістанда ұсақ малдан бруцеллез табылған екі ауыл карантинге жабылды

Опубликовано:

Ұсақ мал
Ұсақ мал. Фото: pexels.com

Түркістан облысындағы Қазығұрт ауданында екі ауыл карантинге жабылды. Бұл елдімекендерде ұсақ малдан бруцеллез анықталған, деп хабарлайды "Астана" арнасы.

Шектеу шаралары Алтынтөбе ауылдық округіне қарасты Қаржан және Қызылата ауылында енгізілген.

Арна мәліметінше, жұқпалы ауру көрші ауылдарға тарап кетпеуі үшін ауыл әкімдігі осындай шешім қабылдаған.

Қазір ауру анықталған ұсақ малды емдеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Көпшілік өзге төрт түлігін сыртқа шығармауы тиіс. Барлығы мал дәрігерінің бақылауында болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1995855-turkistanda-usaq-maldan-brucellez-tabylgan-eki-auyl-karantinge-zabyldy/

pixel