Жексенбіде ірі қала тұрғындарын қандай ауа райы күтіп тұр
Опубликовано:

Бүгін, 6 қараша күні Шымкентте жаңбырлы ауа райы күтілуде, болжам бойынша Алматы мен Астанадағы күн райы жауын-шашынсыз. Бұл туралы ақпарат "Қазгидромет" РМК ресми сайтында жарияланды.
Синоптиктер бүгін Астанада жел күшейеді деп болжайды, яғни желдің жылдамдығы 7-ден 12 м/с, кей жерлерде 15 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы күндіз -1 градустан +1 градусқа дейін сақталады.
Алматыда жауын-шашын күтілмейді, көшпелі бұлт шығады. Оңтүстік астанада ауа температурасы "плюс" белгісімен сақталады: күндіз +10 градустан +12 градусқа дейін жылы болады. Жел қалыпты, яғни 2-ден 7 м/с дейін деп көрсетуде.
Шымкентте синоптиктер жаңбыр жауады деп болжап отыр. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с болады. Ауа температурасы күндіз +13…+15 градус шамасында болады деп күтілуде.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1995905-zeksenbide-iri-qala-turgyndaryn-qandai-aua-raiy-kutip-tur/