Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында бес адам жарақатпен ауруханаға түсіп, біреуі қайтыс болды

Опубликовано:

Жедел жәрдем көліктері
Жедел жәрдем көліктері. Көрнекі фото: Pixabay.com

Алматы облысының полицейлері кісі өлтіру фактісін анықтап жатыр. Кеше түнде ауруханаға дене жарақаттарымен 5 адам түсіп, олардың біреуі қайтыс болды, деп хабарлайды Polisia.kz порталының ресми Telegram-арнасы.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, 6 қараша күні сағат 00.55 шамасында Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданының Полиция басқармасына көпсалалы ауруханаға түрлі жарақатымен 5 адамның келіп түскені туралы ақпарат түскен. Олардың біреуі алған жарақатынан қайтыс болды.

"Аталған дерек бойынша жедел-тергеу тобы құрылды. Қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша тергелуде. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық қатысушыларын анықтау, сондай-ақ болған оқиғаның себептерін анықтау үшін барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде", – деді полицияда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1995939-almaty-oblysynda-bes-adam-zaraqatpen-auruxanaga-tusip-bireui-qaitys-boldy/

pixel