Шымкенттегі сауда үйлерінің біріндегі кептеліс видеоға түсіп қалды
Опубликовано:

Сенбі, 5 қараша күні Шымкенттегі сауда үйлерінің бірінің есігінің алдында кептеліс болды. Дүрбелең қаладағы дүкендердің бірінде өткізілген акцияға байланысты болған, деп хабарлайды Polisia.kz порталының Telegram-дағы ресми парақшасы.
Оқиға орынынан түсірілген кадр әлеуметтік желілерде таарп кетті. Видеоның авторы сауда үйінің маңындағы дүрбелеңге киімдердің акцияға байланысты арзан бағамен сатылуына себепші болғанын айтады. Автор жақында Сеулдегі қайғылы оқиғаға осылай адамдардың кептелісі себеп болғанын да еске салды.
"5 қараша күні Тәуке хан бойында орналасқан сауда үйлерінің бірінде дүкен иесі спорттық киімдерді арзан бағамен сату акциясын ұйымдастырды. Осыған байланысты жергілікті тұрғындар көп жиналды. Дүкен ашылған кезде адамдар бірін-бірі итеріп, қыса бастады. Оқиға орнына қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін учаскелік пункттің учаскелік инспекторлары келді", – делінген ресми хабарламада.
Зардап шеккендер жоқ.
Полицияның хабарлауынша, Еңбекші АПБ полицейлері дүкен иесі, жергілікті тұрғынды анықтаған. Ол ӘҚБтК-нің 488-1-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны айтылған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1995945-symkenttegi-sauda-uilerinin-birindegi-keptelis-videoga-tusip-qaldy/