Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дүйсенбінде ел аумағы мен Қазақстан мегаполистерінде ауа райы қандай болады

Опубликовано:

жаңбырлы күн
Жаңбырлы күн. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

"Қазгидромет" РМК 7 қараша, дүйсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Синоптиктердің болжамынша, атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен бүгін бүкіл ел аумағында ауа райы тұрақсыз болады.

Яғни кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр және қар) түседі, оңтүстікте қатты жаңбыр күтіледі.

Республика бойынша тұман, жел, солтүстікте, шығыста, орталықта көктайғақ күтіледі. Одан бөлек, солтүстікте бұрқасын күшейюі ықтимал.

Таңертең және күндіз Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерінде қатты жаңбыр жауады.

Метеорологтардың мәліметінше, дегенмен бүгін еліміздің екі мегаполисінде ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Мәселен, Астана қаласында көшпелі бұлт шығып, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 3-8 м/с. Түнде 3-5, күндіз 0-2 градус аяз болады.

Алматы қаласында да көшпелі бұлт шығып, жел соғады, күші 2-7 м/с. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Түнде 4-6, күндіз 13-15 градус жылы болады.

Ал Шымкент қаласында да бүгін күн бұлтты болады. Таңертең және күндіз қатты жаңбыр жауады.

Сондай-ақ оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, күші 8-13 м/с, таңертең және күндіз 15-20 м/с-қа дейін жетуі ықтимал. Түнде және күндіз 8-10 градус аралығында жылы болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1995952-symkentte-qatty-zanbyr-bugin-el-aumagy-men-qazaqstannyn-us-megapolisinde-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel