Шымкенттегі сауда үйінің жанындағы дүрбелең: дүкен иесі кешірім сұрады (видео)
Опубликовано:

Шымкентте киімдерді арзан бағамен сату акциясын ұйымдастырған дүкен иесі халықтан кешірім сұрады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.
Айта кетейік, бұған дейін желіде бір-бірін қысып, есіктен кіре алмай жатқан адамдардың видеосы тараған еді.
Кейін анықталғандай бұл жайт 5 қарашада Шымкенттегі сауда үйлерінің бірінің алдында өткізілген акция кезінде болған.
Дүкен иесі спорттық киімдерді арзан бағамен сату акциясын ұйымдастырған. Соның салдарынан дүкен алдында дүрбелең орын алған.
otyrar.kz-тің хабарлауынша, оқиға орнына келген учаскелік инспекторлар қоғамдық тәртіпті қалпына келтірген.
Сондай-ақ аталған жағдайға қатысты дүкен иесі халықтан кешірім сұраған. Кәсіпкер келесі жолы мұндай акцияны қайта өткізсе, құзырлы органдарға ескертуге уәде берген.
Дегенмен полиция акция ұйымдастырушы дүкен иесі ӘҚБтК-нің 488-1-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын айтып отыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1995953-symkenttegi-sauda-uiinin-zanyndagy-durbelen-duken-iesi-kesirim-surady-video/