Қазақтың бешбармағын дайындаған ливандық аруға көпшілік риза болды (видео)

Опубликовано:

Абир Эль Сагир
Абир Эль Сагир. Фото: tiktok.com/@abir.sag

Ливандық бас аспазшы Абир Эль Сагир әлеуметтік желіде әлем елдерінің ұлттық асын дайындаумен танылған. Tiktok жұлдызы бұл жолы оқырмандарына қазақтың ұлттық асы бешбармақтың әзірленуін көрсеткен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бешбармақ дайындаған Абир Эль Сагирдің желідегі видеосы 467 мыңнан аса қаралым мен 16 мың пікір жинаған.

Блогер қазақтың ұлттық асы түсірілген видеоны Құрманғазының "Адай" күйімен көркемдеді.

Абир Эль Сагирдің аталмыш видеосына әлеуметтік желіде қазақстандықтар жаппай пікір қалдыра бастаған.

"Керемет", "Бешбармақ дайындау үшін қазақтың әнін қосып, туын тапқан. Жарайсың", "Денеңді шымырлатып жібереді ғой, шіркін".

"Бешбармақ дайындағаныңызды күтіп жүр едім", "Қазақстан жайлы осылай видео жариялағаныңыз үшін рахмет", "Сізге алғысым шексіз", - деп жазды желі қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1995982-qazaqtyn-besbarmagyn-daiyndagan-livandyq-aruga-kopsilik-riza-boldy-video/