Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев еңбек дауын шешудің жолын атады

Опубликовано:

Қазақстан президенті
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Маңғыстау облысы жұртшылығымен кездесуінде өңірде жиі болып тұратын еңбек дауларына қатысты пікір білдірді. Президент аталған мәселе қатаң түрде заң аясында шешілуге тиіс екенін атап өтті. Бұл туралы БОРТ N1 Telegram-арнасы хабарлайды.

"Маңғыстауда еңбек даулары жиі болып жататыны жасырын емес. Мен бұл жағдайдан толық хабардармын. Еңбек даулары қатаң түрде заң аясында шешілуге тиіс. Осы маңызды жұмысқа тәуелсіз кәсіподақтар белсене атсалысуы қажет.

Өңірде бұл сала барынша қарқынды дамып келеді. Өте дұрыс, мен мұны қолдаймын. Мықты азаматтық қоғам қалыптастыра алсақ, бұдан ешкім ұтылмайтыны анық. Адам құқығын, оның ішінде еңбек адамының құқығын қорғау әрдайым басты назарда болуға тиіс.

Еңбек дауларын көшеде, алаңда емес, келіссөз үстелінің басында шешу – жалғыз ғана жол. Маңғыстауда осындай жағдайлар сындарлы диалог арқылы шешіле бастағаны құптарлық жайт. Жалпы, еңбек даулары – жұмыс беруші мен жұмысшының арасындағы мәселе. Оны тараптардың мүмкіндігін және мүддесін мұқият ескере отырып, ортақ мәміле арқылы шешу – негізгі міндет", - дейді президент.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1996037-toqaev-enbek-dauyn-sesudin-zolyn-atady/

pixel