Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда өрт салдарынан мейрамханадан 35 адам эвакуацияланды (видео)

Опубликовано:

Өрт сөндірушілер өрт сөндіруде
Өрт. Оқиға орнынан кадр: Алматы ТЖД

Алматының Медеу ауданындағы мейрамханалардың бірінің келушілері мен қызметкерлері көрші ғимараттағы өртке байланысты эвакуацияланды, деп хабарлайды қалалық ТЖД Instagram желісіндегі ресми парақшасы.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, кеше сағат 18:45-те Төле би көшесіндегі ғимаратта өрт шыққандықтан Алматы қаласы ТЖД күштері мен құралдары Медеу ауданына жоғары дәрежедегі шақырту рангімен жіберілді. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 3 минут ішінде жеткен.

Анықталғандай, бес қабатты әкімшілік ғимараттың шатыры ашық жалынмен жанып жатқан. Өрттің таралу қаупі жапсарлас салынған екі қабатты мейрамхана ғимаратына төнді. Себебі, оңай жанғыш ағашпен қапталынған ғимараттың бірнеше минут ішінде жанып кету қаупі жоғары еді.

"Өртті сөндіру барысында 20 келушілер мен 15 қызметкер эвакуацияланды. Екі жауынгерлік өрт сөндіру алаңы құрылып, өрт оқпандары енгізілді және өрт автосатысы орнатылды", – деп атап өтті ТЖД.

Қабылданған жедел шаралардың нәтижесінде өрт 11 минутта оқшауланып, 19:25-те толығымен жалпы 50 ш.м. алаңда ауыздықталды. Өрт сөндірушілер мейрамхананы да өрттен қорғай алды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрт сөндіру барысында 9 техника мен жеке құрамнан 32 адам жұмылдырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1996147-almatyda-ort-saldarynan-meiramxanadan-35-adam-evakuaciyalandy-video/

pixel