Шымкенттік тұрғын әлеуметтік пәтер аламын деп 2 млн теңгесінен айырылды

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Шымкенттік тұрғын мемлекеттік бағдарлама аясында үй аламын деп, 2 миллион теңгесінен айырылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ол әл-Фараби аудандық полиция басқармасына 7 жылдан бері білетін танысының үстінен арызданған. Танысы пәтер алып беру үшін 2 миллион теңгесін заңсыз иемденген.

”Күдікті жәбірленушіге Шымкент қаласынан мемлекеттік бағдарлама арқылы әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға беріліп жатқан пәтерлердің бірін алып беруге уәде берген.

Бұл дерек Қылмыстық Кодекстің 190-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру жұмысын жүргізді. Нәтижесінде 36 жастағы тұрғыны ұсталып, сот алды тергеу амалдары жүріп жатыр”, - деп жазды аймақтағы Полиция департаментінен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1996154-symkenttik-turgyn-aleumettik-pater-alamyn-dep-2-mln-tengesinen-aiyryldy/