Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында толассыз жауған жаңбыр салдарынан аулалар мен балабақшаны су басты (видео)

Опубликовано:

Түркістан облысындағы толассыз жаңбыр салдары
Түркістан облысы Төле би ауданын су басты. Видеодан кадр: 24.kz

Кеше Түркістан облысының Төле би ауданында бірнеше сағат бойы толассыз жаңбыр жауды. Салдарынан оннан астам ауланы су басып қалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Хабар 24 телеарнасына сілтеме жасап.

Түркістан облысы Төлеби ауданында толассыз жауған жаңбыр салдарынан жеке балабақша мен 25 үйді су басып қалды.

Телеарнаның хабарлауынша, нөсер жауын кеше, 7 қарашада түс ауа басталып, бірнеше сағат бойы толастамаған. Видеодағы кадрлардан ауылдағы жолдар мен жаяу жүргіншілер жолын бойлай ағып жатқан жаңбыр суы мен лайды көруге болады.

Қолайсыз ауа-райының зардаптарын жоюға Түркістан облысының жергілікті атқарушы органдары мен Төтенше жағдайлар департаментінің күштері кірісті. Олар суды сорып шығару және инертті материалдар салынған қаптарды төсеу жұмыстарын жүргізді. 200-ден астам қап төселіп, су жиналуы ықтимал жерлерге тағы 300-ге жуық қап төселді.

Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғын үйлерді су басқан жағдайда құжаттарды, қымбат заттарды жинап, қауіпсіз жерге көшу керектігін еске салды.

Айта кетейік, "Қазгидромет" РМК мәліметі бойынша, бүгін Түркістан облысында дауылдық ескерту жарияланған.

Таулы және тау етегіндегі аудандарда қатты жауын-шашын күтіледі. Солтүстікте, оңтүстікте, облыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында – тұман түседі.

Облыстың солтүстігі мен батысында көктайғақ. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, таулы асуларда желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

8 қараша, яғни бүгін Шымкентте де жауын-шашын күтіледі, кей жерлерде тұман түседі. Түркістанда түнде және таңертең кей жерлерде тұман, көктайғақ болуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1996166-turkistan-oblysynda-tolassyz-zaugan-zanbyr-saldarynan-aulalar-men-balabaqsany-su-basty-video/

pixel