Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұл - үлкен проблема": Белгілі психолог үйленген жастарды ата-анасынан бөлек тұруға шақырды

Опубликовано:

Ержан Мырзабаев
Ержан Мырзабаев. Фото: instagram/yerzhan.myrzabayev

Елімізге белгілі психолог, отбасылық мәселелерде орынды пікірлірімен көзге түсіп жүрген Ержан Мырзабаев журналист Тимут Балымбетовтің "Ашығын айтқанда" жобасына сұхбат беріп, жаңадан үйленген жастарды біршама уақыт ата-анасынан бөлек тұруға шақырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ержан Мырзабаевтың айтуынша, бұл адамның тұлға ретінде қалыптасуына және жауапкершілікті сезіне білуіне септігін тигізеді.

"Менің ойымша, үйленген әрбір жұп екі-үш жыл бөлек тұруы керек. Жағдайы болсын, болмасын, үйі бар ма, жоқ па, бәрібір. Бөлек тұруы керек. Бұл - қазақтың салты. Өйткені, қазақтар үйленген адамды отау иесі деп атаған. Үйленгендерге кішігірім болса да, бөлек киіз үй салып берген.

Сен бөлек тұру арқылы ғана жеке тұлға ретінде қалыптасасың. Бөлек тұру арқылы ғана жауапкершілікті сезінесің. Бөлек тұру арқылы ғана бір-біріңе үйренесіңдер. Қыз бен жігіт болып қанша жүрсеңіздер де, ешқашан ерлі-зайыптылар сияқты қарым-қатынаста бола алмайсыздар. Қыз-жігіт болу басқа, ерлі-зайыпты болу басқа.

Үйленген соң сенде басқа статус болады. Бірің әйел, бірің ер атанасыңдар. Ортада бала пайда болады. Онсыз да бір-біріне үйрене алмай жатқан отбасы тағы да 15-20 туысқанды қабылдау керек. Тағы да бөтен адамдарға үйренісу қажет. Осы аспект бірге тұруға үлкен кедергі.

Бір-бірімен ренжісіп-татуласуды үйреніп, махаббат-мейірімін көрсетіп, адаптациядан өткен соң бүкіл әулетті қабылдауға болады. Ал сен ортадағы кісіні қабылдай алмай, оның әулетін қабылдай алмайсың.

Тағы бір көп айтылмайтын аспект бар. Үйленген соң ата-анасымен бірге, тар жерлерде тұратын отбасыда сексуалдық қарым-қатынастан проблема болады. Жыныстық қатынасқа түсу үлкен проблема. Мына жақта ата-анаң, мына жақта бала... Таңертең бәрі баратын бір душ, бір дәретхана. Бұл - үлкен дискомфорт.

Ал жыныстық қарым-қатынаста өзіңізді еркін сезінбесеңіз, сіз ләззат ала алмайсыз. Міне, үйленгеніне бір жыл толмай жатып басқа әйелге, жалдамалы әйелдерге бару басталады осыдан соң... Бір клиентіме жыныстық қатынасқа түсу стресс болатын. Себебі кез келген уақытта енесі есікті қақпай-ақ, бөлмеге кіріп кете салады. Мұндайға жол бермеу үшін бөлек тұрып үйренген жөн", - деді Ержан Мырзабаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1996184-bul-ulken-problema-belgili-psixolog-uilengen-zastardy-ata-anasynan-bolek-turuga-saqyrdy/

pixel