Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде өткен тәулікте коронавирустан бір адам қайтыс болды

Опубликовано:

ауруханада
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстанда өткен тәулікте COVID-19 ПТР сынамасы оң нәтиже берген 47 адам анықталды. Сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігі ресми сайтында бір өлім жағдайы тіркелгенін хабарлады.

Ведомство мәліметінше, 6 қарашада елімізде коронавирус жұқтырған науқастар арасында бір өлім жағдайы тіркелген.

8 қарашадағы мәлімет бойынша, 693 адам коронавирус инфекциясынан (–553+ және 140 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 82 пациент стационарда, 611 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Министрлік мәліметіне сәйкес, КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 8 адамның жағдайы ауыр, 2 пациенттің жағдайы өте ауыр, ал 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Қазақстанда бұған дейін КВИ+ науқасының өлімі 2 қазанда тіркелген. Сол кезде екі жағдай туралы белгілі болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1996225-elimizde-otken-taulikte-koronavirustan-bir-adam-qaitys-boldy/

pixel