Түркістан облысында қыздарды жезөкшелікке тартты деген күдікпен екі әйел ұсталды (видео)

Опубликовано:

күдікті әйел
Күдікті әйел. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Түркістан облысында жеңгетайлықпен айналысты деген күдікке ілінген әйелдер ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылым мәліметінше, полицияға Сайрам ауданының тұрғындарының бірі жеңгетайлықпен айналысатыны туралы жедел ақпарат келіп түскен.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары екі әйелді ұстаған, олардың бірі профилактикалық есепте тұрған.

"Олардың жеңгетайлықпен айналысқаны және қыздарды жезөкшелікпен айналысуға тартқаны анықталды. Оларды баспанамен, тамақпен қамтамасыз етіп, кейін клиенттерді іздеген", - дейді полиция өкілдері.

Басылымның хабарлауынша, полицейлер қонақүйлердің бірінен жыныстық қызмет көрсету үшін күдіктілер жіберген жеңіл жүрісті екі қызды тапқан.

Қазіргі таңда аталған факті Қылмыстық кодекстің 309-бабы (Жезөкшелікпен айналысу және жезөкшелікпен айналысу үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Айғақ зат ретінде қолма-қол ақша тәркіленген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1996230-turkistan-oblysynda-qyzdardy-zezokselikke-tartty-degen-kudikpen-eki-aiel-ustaldy-video/