Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы әкімдігі көлік жүргізушілеріне үндеу жасады

Опубликовано:

Жаңбыр кезіндегі Алматы көшесі
Жаңбыр. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы әкімдігі бүгін күтілетін нөсер жаңбыр мен ауа температурасының төмендеуіне байланысты қала тұрғындарына үндеу жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Қазгидромет" РМК болжамы бойынша бүгін, 8 қарашада Алматыда жаңбыр жауып, соңы қарға ұласады.

8 қарашадан 9 қарашаға қараған түні ауа температурасы -1 градустан -3 градусқа дейін төмендейді және көктайғақ күтіледі.

"Жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін көлік жүргізушілеріне жазғы дөңгелектерді қысқы дөңгелектерге уақытылы ауыстыруды ұсынамыз. Көктайғақ кезінде жол бойында орамдар пайда болуы мүмкін. Сондықтан көлік жүргізушілерін жолда жылдамдықты азайтып, көліктер арасындағы қашықтықты сақтауға, бүйірлік аралыққа мән беруге және кенеттен маневрлер мен тежеу жасаудан аулақ болуға шақырамыз", дейді Алматы қаласының Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының өкілдері.

Айта кетейік, бұған дейін бүгін Астанада қар, Алматы мен Шымкентте жаңбыр жауатынын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1996231-almaty-akimdigi-kolik-zurgizusilerine-undeu-zasady/

pixel